Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҰЛЫ ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
    Айғақ TV

    ҰЛЫ ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы «Сапар орталығы» экспозициясының ашылуы өтті.

    Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы мен аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов және тарихшы, музейтанушы ғалымдар мен бақ өкілдері қатысты.

    Шарада департамент директоры мен аудан басшысы сөз алып, Фарабидің ілімі мен өмірін тануға арналған жиынға келген тарихшылардың жұмысына сәттілік тіледі.

    Шара барысында халық ақыны Әселхан Қалыбекова топырақ астына көмілген тарихымызды зерттеуге ерекше назар аудару керектігін жыр шумақтарымен әсерлі жеткізіп, ғалымдарға ой салды.

    Мұнан соң қонақтарға туристерге кешенді қызмет көрсететін орталықтың экспозиция залын тамашалау ұсынылды. Көпшілікке ұсынылған экспозициялық зал «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы» бұрышынан бастау алып, Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында ғұлама ғалымға арналған зал көпшілік назарына ұсынылды. Залды ашудағы басты мақсат, Фарабитану ғылымын пайдалана отырып, тұлғаға қатысты ғылыми және заттай деректерді мейлінше ашып көрсету болатын.

    Экспозицияда Әбу-Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнер саласындағы еңбектері,  Отырардағы ғылым мен мәдениет, өнерге қатысты артефактілер сонымен қатар Фарабитанушылардың еңбектері заттай дерек ретінде қарастырылды. Экспозициядан орын алатын Фараби бөлмесінің макетінде мұсылман әлемі ойшылдарының көш басында тұрып, шығыста күрделі алгебра, астрономия тағы басқа ғылымдардың дамуына әсер еткен өзі болса, әлеуметтік мәселеде ортағасырлық гүлденген шығыс қалаларының орталығында болып ғалымдармен кездесіп, адамзаттың үйлесімді өмір сүруіне озық ойлы трактаттарын жазуы, философия, әлеуметтану ғылымдарын дамытуы,  математика ғылымын дамытуы. Адам табиғатының айнасы музыка ілімін зерттеуі, сол өнердің мәнін ашуы. Ұлы Ұстаздың – Ұстаздар туралы көзқарасында   шәкірттер тәрбиелеудегі жетістіктерге жетелейтін жолдарға тыңғылықты пікірін қалдыруы, қажырлы еңбек талмас ой зерттеуден жалықпаған ғылым жолы осы экспозицияда көрсетілген. Сонымен қатар Осы орталықтан орын алған отырарлық суретші Әділхан Мәліктің «Отырар шұғыласы» атты уақытша сурет көрмесіде Әбу Насыр әл-Фарабиге арналды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.