Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»КОММУНАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
    Айғақ TV

    КОММУНАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте авариялық-құтқару және коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығын пысықтау іс-шарасы өтті.
    Қала әкімі М.Әйтенов, төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары, азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев, полковник Ж.Кәрімбаев арнайы техниканың дайындығын тексерді. Сондай-ақ, іс-шараға жол-патрульдік полициясының қызметкерлері де қатысты, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі


    Іс-шараның мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдар қорымен қамтамасыз ету және төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына жол-пайдалану техниканың дайындығын тексеру, арнайы техниканың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау.


    Коммуналдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің құрамындағы 5 ұйым – «ЛТД Тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» мекемелері қажетті техникалармен жабдықталды. Аталған бес мекеме қалада ұзындығы 1012,16 шақырым 299 көшеде қызмет көрсетеді.
    Қысқы маусымға инертті материалдардан, 5000 тонна тұз, 17217 м3 құм дайындалған. Жеке құрамында 670 адам және 182 техника дайындалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінен 28 техника қажетті құралдармен жабдықталды. Қысқы маусымға дайындалған техниканың жалпы саны – 210 бірлік (жоғары өтімді техника, шнекоротор, автосамосвал, автогрейдер, бульдозер, погрузчик т.б.).
    Техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексеру барысында қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері пысықталды.
    Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.