Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
    Айғақ TV

    АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.11.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін  ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Болат Анапияұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге Түркістан қаласындағы «Конгресс-Холл» мен «Алатау медиа» және «Сапар»  орталықтарын аралап көріп, жұмыстарымен танысты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Мұнан соң вице-министр Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ—Түрік универсиетінің кітапханасын аралап көріп, сонда орналасқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмысымен де танысып шықты.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы.  Аталған бағыт аясында облысымызда биыл 46 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан.  Түркістан облысындағы барлық білім беру мекемелерінде жоба туралы жан-жақты түсіндіріліп, сынып, тәрбие және түрлі ашық сабақтар өткізілуде. Сондай-ақ, өңіріміздегі барлық кітапханалар арнайы шығарылған кітаптармен қамтылуда.

    Жалпы жыл басынан бері  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында облыста 821 іс-шара өтіп, 100 мыңға жуық адам қамтылған. Іс-шараларың басым бөлігі онлайн форматында, челлендж, байқау, кездесулер түрінде ұйымдастырылуда.  Жыл бойғы атқарылған жұмыстар туралы вице-министрге Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдәзім жан-жақты баяндап берді. Болат Анапияұлы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, кеңсе қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.

    «Жыл бойы атқарылған жұмыстар аз емес екені байқау қиын емес. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыруда Түркістан облысының маңызы ерекше. Алдағы уақытта бұл бағдарлама негізгі 4 бағытта жүзеге асырылмақ. Осы мақсатта бұл жобалар қайта қаралуда. Сондықтан Түркістан облыстық жобалық кеңесінің жұмысын одан әрі жүйелеп, күшейтуіміз қажет», – деді  Болат Анапияұлы.

    Мұнан соң вице-министр облысымыздағы бірқатар үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп, алда атқарылатын жоба-жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру, жобаларды қаржыландыру, жүйелеу бағытында қола алынғалы отырған жобаларды баяндап берді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.