Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТПІСІНШІ СЕССИЯСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТПІСІНШІ СЕССИЯСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.11.2020293 Views

    Шымкент қаласында қатаң шектеу шараларын және карантинді ұзарту туралы қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жетпісінші сессиясы онлайн форматта өтті. Мәжіліс сессиясы күн тәртібінде үш мәселе қаралды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
    Бүгінгі сессия Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауына сәйкес, алғаш рет тікелей эфирде ұйымдастырылып отыр. Бұл эфирді қала мәслихатының ресми сайты арқылы барлық қала тұрғындары көре алады.
    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «2018-2020 жылдарға арналған Шымкент қаласының даму бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қабылданған карантинді шараларға байланысты экономикалық бағытта 22 индикатор қайта қаралды. Оның ішінде экономикалық бағытта 11, әлеуметтік даму бағытында 8, инфрақұрылым бағытында 3 өзгеріс енгізілді.


    Келесі мәселе бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімшілік-іскерлік орталығы жанына «Өнер мектебі» нысанын салу және пайдалануға беру үшін 2 млрд 433 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік міндеттеме қабылданған болатын. Алайда жекешелік-әріптестік аясында «Эуро ремонт сервис» ЖШС жұмысты өз уақытында аяқтай алмауына байланысты осы жылғы операциялық шығындарды өтеуге қаралған 67,6 млн теңгені қысқарту ұсынысы қаралды.
    Сонымен қатар, Шымкент қаласының қоғамдық кеңесін бекіту мәселесі қаралды. Қалалық Қоғамдық кеңес конкурсына 10 үміткерден өтініш келіп түскен. Қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы кандидатқа дауыс беру арқылы 6 мүше сайланды.
    Сессия күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының онлайн режимдегі отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар бірауыздан шешім қабылдады. Мәжіліс соңында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігін арттыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттар корпусына карантин кезінде әкімдік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.