Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШҚА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 70 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШҚА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 70 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.11.2020320 Views

    Түркістан облысы Сарыағаш ауданына ағымдағы жылдың 9 айында 70 мыңға жуық турист келген. Оларға 47 емдік сауықтыру шипажайы, 1 балалар шипажайы, 1 балалар сауықтыру лагері, 1 гольф клубы және 21 қонақ үй қызмет көрсетті. Сондай-ақ, биыл туризм саласын дамыту мақсатында жалпы құны 450 млн. теңге болатын 4 нысан іске қосылып, 80 адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


    Журналистер алдында 9 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылаған аудан басшысы ауданның құрылыс және инфрақұрылым салаларына да кеңінен тоқталды.


    «Биыл ауданда жалпы 4,3 млрд. теңгеге 22 нысанның құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде, ауыз сумен қамту бойынша 2 нысан, тұрғын үй құрылысы бойынша 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 8 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қалған 10 нысан келесі жылға өтпелі болады. Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде айта кетсем, өткен жылы 50,7 пайыз болса, биыл көрсеткішті 69 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал, ауыз сумен қамту бүгінгі таңға 50,7 пайыз болса, үстіміздегі жылдың соңына дейін 56,3 пайызға жеткіземіз деп отырмыз. Сапалы электр энергиясымен аудан халқының 98,5 пайызы қамтылған», – деді аудан әкімі.
    Жалпы ауданда биыл республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 55,2 шақырымды құрайтын 34 көшені орташа жөндеу жұмыстарына және 1 жаңа көпір құрылысына жалпы сомасы 1 591,7 млн теңге қаржы қаралды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталу жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.