• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Нұр-Сұлтанда IV Astana Media Week медиа-апталығы басталды

12.11.2020
0

2020 жылғы 11-13 қарашада «Қазмедиа орталығының» қатысуымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен IV Astana Media Week медиа-апталығы өтеді. Шара «қашықтықтан» режимінде  ұйымдастырылады. Шараның негізгі мақсаты — отандық медиа саланы дамыту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету.

Шара жаңалықтарымен Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі @astanamediaweek ресми аккаунттарынан таныса аласыздар.

Дәстүр бойынша, медиа-апталық төрт жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылардың басын қосып, өзекті тақырыптарды талқылауда. Биыл ұйымдастырушылар келешекте медиа жұмысты құру жолдарына зейін қояды.

Басты тақырыптар: медиа мазмұнды тұтынудың жаһандық тенденциялары; пандемия және БАҚ-қа деген сенім дағдарысы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; көпплатформалылық; медиа кеңістіктің жаңа көшбасшылары. Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ашты.

Бірегейлік, икемділік, құзыреттілік, серіктестік және коллоборация секілді дағдыларымыздың бүгінгі күні қалыптасқан жағдайда тамаша шешім бола алатынын анық білеміз. Үздік тәжірибені зерделеу және қолдану, дамыған коммуникация және жоғары кәсіпқойлық медиа саланы болашақтың саласына айналдырады, – деп атап өтті А.Балаева.AMW шарасына қатысуға отандық және шетелдік топ-менеджерлердің өкілдері, жетекші медиа-агенттіктердің сарапшылары, ірі халықаралық ұйымдар мен шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік сектор мен продакшн-компаниялардың өкілдері шақырылды. Олардың ішінде:

Роберт Скиннер – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің аға кеңесшісі; Джавад Моттаги – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) бас хатшысы; Михаил Зыгар – журналист, редактор, жазушы; Петр Федоров – Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабар тарату компаниясы халықаралық қатынастар дирекциясының басшысы; Михаил Гузман – Ресей ТАСС АА бас директорының бірінші орынбасары; Шамиль Садыков — Тат-медиа бас директоры; Ирина Шихман – «А поговорить?» YouTube арнасының авторы, сұхбат алушы, журналист; Әлішер Елікбаев – PR-маман, сондай-ақ, әлемнің және Қазақстанның медиа-қоғамдастығының басқа да басты сарапшылары бар.Сонымен қатар, Astana Media Week медиа-апталығына қатысушылар онлайн-шаралардың тұтас сериясына қатыса алады.

Қазақстандағы Америка елшілігінің қолдауымен Нью–Йорк киноакадемиясының профессорлары журналистерге арналған воркшоптар ұсынады: Билл Айнрайнхофер – америкалық телепродюсер, Америка режиссерлер гильдиясының мүшесі, үш Эмми сыйлығының иегері; Евгения Власова — журналист, NYFA оқытушысы.

Ресей мен Қазақстанның медиа жаттықтырушылары да өз шеберліктерімен бөліседі: Андрей Дорожный — дата-журналист және деректерді визуализациялау жөніндегі маман; Александр Данилов – «Stop Fake» жобасының жетекшісі; Айнұр Коскина – журналист, медиа жаттықтырушы; Айдос Сарым – саясаттанушы; Дәуіржан Ауғамбай – «Akyl – kenes» журналының баспагері; Жанна Ибраева — шешендік өнер жөніндегі жаттықтырушы; Махаббат Есен — журналист, теле-радио жүргізушісі.

Медиа саласының қатысушыларына арналған жыл сайынғы «Контент-маркет» көрмесі алғаш рет онлайн форматта өтеді және «келушілерге» отандық және халықаралық продакшн-компаниялардың медиа нарықтағы өзекті ұсыныстарымен жылдам әрі ыңғайлы танысуға; өндірушілерге әлеуетті сатып алушыларға өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік береді.

AMW аясында алғаш рет баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін жыл сайынғы «Үркер» ұлттық сыйлығы табысталады. Дәстүр бойынша жеңімпаздарға эксклюзивті мүсінше мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Салтанатты шараны онлайн-трансляция арқылы сайттан тамашалауға болады.

www.gov.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.