Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамту мен шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамту мен шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша кеңес өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.11.2020324 Views

    Түркістан облысының прокуратурасы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын» іске асырылу жағдайы мен шетелдік жұмыс күшін тартуда заңдылықты сақтау мәселесін қарады.

    Кеңеске уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты, — деп хабарлайды Түркістан облысының  прокуратурасы

    Ағымдағы жылға Бағдарламаны іске асыруға (әлеуметтік-мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көлік инфрақұрылым объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және елді мекендерді абаттандыру арқылы) Үкімет 100 млрд. теңге бөлген. Оған сәйкес облыста 85 мың теңге көлеміндегі ең төменгі еңбек жалақысымен 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланған еді.

    Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің мәліметі бойынша жобаның 73% аяқталып, 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

    Кездесу барысында қатысушылар Бағдарламаны орындаушылардың заңдылықты бұзушылықтары мен кемшіліктерін, атап айтқанда, азаматтарды жұмыссыз ретінде тіркеу рәсіміндегі заң бұзушылықтары мен оларды жұмыспен қамтудағы жалғандықтарды талқылады.

    Кеңесудің нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар  Бағдарлама аясында азаматтарды жұмыспен қамту бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлік мекемелерге халықты жұмыспен қамтудағы өз міндеттерін орындау жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін жөн деп тапты.

    Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде Қазақстанның ішкі еңбек нарығын сақтау мен біліктіліктері талапқа сай келетін мамандарды тарту жөнінде тиісті шаралар жүргізу жайлы шешім қабылданды.

    Кездесуге қорытынды жасаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаев аталған мәселелерді шешу мен орын алған кемшіліктерді жою және келешекте заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеуді облыс әкімдігі өз бақылауына алғандығын мәлімдеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.