Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг-2020» халықаралық конференциясы
    Айғақ MEDIA

    «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг-2020» халықаралық конференциясы

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.11.2020927 Views

    2020 жылдың 12-13 қараша күндері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «International Conference of Industrial Technologies and Engineering» атты VII халықаралық конференция онлайн форматында өтеді. (жетінші өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг халықаралық конференция).

    Конференция жұмысына Қазақстанда алғаш рет Нобель сыйлығының лауреаттары – әлемдік ғылым жұлдыздары, сондай-ақ ЖОО профессорлары мен оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен қызметкерлері, конференция тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің елеулі нәтижелері бар Қазақстан Республикасы мен шет елдердің өндіріс өкілдері қатысады.

    «Бейбітшілік үшін даму» тақырыбындағы Дүниежүзілік Ғылым күніне орайластырылған «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» атты VII жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде онлайн платформасында өтеді.

    Auezov University – еліміздің әлемдегі ТОП-500 университеттің қатарына кіретін көпсалалы ірі жоғары оқу орындарының бірі, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің ағарту және инновациялық даму идеяларына қызмет еткен жоғары білім беру флагмандарының бірі болды. Университет қабырғасында еліміздің мақтанышы болып табылатын белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, кәсіпорын басшыларының, мәдениет және өнер қайраткерлерінің тұтас шоғыры тәрбиеленген.

    Конференцияны өткізудің мақсаты COVID-19 пандемиясы жағдайында ғылым мен білімді дамыту, медицина мен биотехнология, химиялық технология, құрылыс және құрылыс материалдары, агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ индустриясы, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты ұтымды пайдалану, жаңартылатын энергетика және энергия үнемдеу технологиялары, IT-технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау болып табылады.

    Бүгінгі күні ғылыми зерттеулер жүргізуде коллаборациялар, серіктестік қатынастар өте маңызды. Әлемдік сарапшылармен кездесу өте маңызды және әрқашан өзекті. Әсіресе қазір COVID -19 пандемиясында әлемде маңызды өзгерістер болып жатыр. Конференция аясында Нобель сыйлығының лауреаттары, Үкімет, отандық және шетелдік компаниялар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ғылыми сессиялар өтеді: «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі тұрақты даму: өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған сын-қатерлер мен ұсыныстар», «Фармацевтикалық компаниялар халықтың өмірін сақтап қалуға көмектесе ме?», Экономиканың қандай секторларын басымдыққа айналдыру қажет?», «Технологияларды, инновацияларды және адами капиталды дамыту мәселелері бойынша Орталық Азия сұхбаты»,

     «ҒЗТКЖ қызметі экономикадағы қолдауды және қаржыландыруды жарияланымдарда қалай арттырады?» және «Технология және инжиниринг саласындағы жобалар мен зерттеушілерді қолдау және қаржыландыру тетіктері».

    Конференцияның ұйымдастырушылары: «Біріккен химиялық компания» ЖШС-і,  «Казфосфат» ЖШС-і, «Арал Сода» ЖШС-і, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.