Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Ордабасы ауданына 5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Ордабасы ауданына 5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.11.2020371 Views

    Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласындағы өнімнің табысы биыл 43 млрд. 175 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. 371 мың теңгеге артты. Оған қоса он ай ішінде ауданның ауылшаруашылығына 5 миллиард теңгеден астам  инвестиция салынған. Бұл өткен жылға қарағанда 1,6 есеге көп.Егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында екі өнім алу жобасымен аудан бойынша 90 шаруашылық айналысуда. 83 шаруашылықтың 169 гектардан алған алғашқы өнімі 4031,2 тоннаны құраған. Диқандар 126,8 гектардан екінші рет  өнім жинап, қамбаларын 1 658,9 тонна өніммен толықтырған. Кеңінен қолданыс тапқан тамшылатып суару әдісі 628 гектар жерге енгізіліп, жоспар 104 % орындалды. Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту мақсатында жалпы 319 гектар жерге көпжылдық қарқынды екпелер орналастырылған. Ерекше кәсіпті игерген «BS-Agro Product» ЖШС-гі жаңа инновацияны қолдану арқылы 60 гектарға суғарусыз әдісімен «Сitrullus Lanatus (Мalali)» сұрыпты қарбыз көшетін отырғызып, бүгінгі таңға 6,6 тонна қарбыз дәнін жинап алды. Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Серіктестік жиналған өнімді Израиль мемлекетіне экспорттауды жоспарлауда.Диқандар мемлекет тарапынан да барынша қолдау тауып келеді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 6 110 тонна жеңілдетілген бағада жанар май бөлінген. Сонымен қатар, топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін 4 200 тонна минералды тыңайтқыштар үлестірілген.

    Ордабасы ауданы бойынша көкөніс пен астық сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 38 мың тоннадан астам 16 қойма бар. Жыл соңына дейін Бадам ауыл округінен қосымша заманауи қойманы еске қосу көзделуде.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.