«Халық арасында «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген керемет сөз бар. Осы орайда, әрқашанда халықтың мұң-мұқтажын тыңдап көмек беріп келген елдің анасы атанған Жамал апамызға және оның ісін жалғастырып жүрген ұлы, белгілі кәсіпкер Бахараддин Аблазимовке елдің атынан алғысымды айтамын. Ауданда қайырымдылық арқылы баспана сыйлаудың жарқын үлгісін Жамал апамыз көрсетіп, көпке үлгі бола білді. Бұл орайда жергілікті тұрғындардың ерекше белсенділігін айта кеткеніміз абзал. Әрбір баспананы салу барысында еріктілер тобының және жомарт жандардың еңбегі ерекше. Олар іргетастың қаланған сәтінен тұрғын үй салынып біткенше істің басы-қасында жүрді. Қайырымдылық жасау арқылы ауданның әрбір азаматы өзінің қолында бар дүниесімен бөлісіп, мұқтаж азаматтардың баспаналы болуына өз үлестерін қосуда. Алдағы уақытта да осындай баспана салу үшін жер телімдерін тегін бере отырып, мұқтаж жандарға қажетті жағдайды жасайтын боламыз», — деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.


