Мәселен, Отырар ауданында өткен «Ұлағат» БПҰ жиынында ұйым төрағасы Мейрамкүл Тұрлыбек партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларға тоқталды. Оның сапалы жүзеге асырылуы болашақ депутаттарға да байлнысты екенін жеткізді. Сол үшін партияның ішкі іріктеуінен мықты азаматтар топ жарып шығулары тиіс. Осы аудандағы «Отырар» бастауыш партия ұйымында да маңызды мәселелер талқыланып, аудандық конференцияға қатысатын делегаттар іріктеліп алынды.
Осы күні Түркістан қаласындағы «Станция Түркістан» бастауыш партия ұйымының мүшелері де жиналыс өткізді. Жиналыста қалалық конференцияға қатысушы делегаттардың кандидатурасы талқыланып, сайланды. Аумақтык конференцияға қатысушылар «Nur Otan» партиясының аумақтық Сайлауалды бағдарламасын бекітуге атсалысады. Сонымен бірге облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беріп, партиялық тізімді жасақтайды. Аймақтық филиалдарға делегаттарды сайлайды.
