• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Сенатта Қазақстандағы су қауіпсіздігіне төнген қатерлер мен проблемаларды талқылады

07.11.2020
0

ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және оларды шешу перспективалары» тақырыбына арналған үкімет сағаты болды. Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ су мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты.

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров өз сөзінде көтерілген тақырып әрбір қазақстандық үшін өмірлік маңызы бар әрі ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылатынын атап өтті. Адамдардың өмір сүру сапасы мен экологиялық су жүйесінің сақталуы сапалы ауыз судың қолжетімді болуына, гидроқұрылыстардың жай-күйіне, су ресурстарын ұтымды пайдалануға байланысты болады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың ақпан айында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «су ресурстарын басқару жөніндегі тиісті бағдарламаларды әзірлеу кезінде еліміздің су қауіпсіздігінің барлық мәселелерін мұқият талдауды» тапсырған болатын. Қазіргі кезде жаңа Экологиялық кодекстің жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Мемлекет басшысының ол тапсырмасы осы құжатта тиісті көрініс тапты деп үміттенеміз», — деді Асқар Шәкіров.

Трансшекаралық су пайдалану мәселелерінің маңызын ескере отырып, осы саланың халықаралық-құқықтық негізін қалыптастыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарын толық көлемде паспорттауды жүргізу, олардың техникалық жай-күйін есепке алу қажеттігі атап өтілді.

Үкімет сағатының жүргізіп отырған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед судың тасуы мен топан су жыл сайынғы проблема болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекет деңгейінде табиғи апат зардаптарымен күрес және оның салдарын жою негізгі міндеті болып табылатын жеке министрлік құрылды. Өткен аптада ғана азаматтық қорғау мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс барысында алдын алу жұмыстарының басымдыққа ие екені атап өтілді», — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев су туралы заңнаманы жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

«Көптеген сарапшылардың бағалауы бойынша су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді. Қолданыстағы Кодекске он жеті жыл ішінде 62 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (жылына орта есеппен – 3 реттен сәл артық). Нәтижесінде құқық қолдану реттілігінің жоғалуы байқалады, бұл тұтастай алғанда су шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі жағдайдың нашарлауына әкеледі. Осыны ескере отырып, 2021 жылға жаңа Су кодексінің және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заңының тұжырымдамаларын әзірлеу жоспарланған», — деді ол.

Шара барысында БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азияға арналған превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Герман сөз сөйледі.

«Орталық Азия өңірінде толыққанды әрі тұрақты экономикалық және әлеуметтік даму тұрғысында су және экологиялық проблемалар өзекті болып қала беретінін атап өткім келеді. Соңғы жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясында Орталық Азия елдерінің бастамасы бойынша ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде су-экологиялық мәселелерге бағытталған бірқатар маңызды қарарлар қабылданды», — деді ол.

Сонымен қатар, сөз алушылар еліміздегі су ресурстарының жай-күйі, азаматтық қорғаныс саласындағы алдын алу жұмыстарын жақсарту мәселелеріне тоқталды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуынан зардап шеккен Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Отырыс қорытындысы бойынша сенаторлар орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпаратын, депутаттардың, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, ғалымдар мен мамандардың сөздерін тыңдай келіп Үкіметке жіберілетін және олардың орындалу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайтын ұсынымдар әзірледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.