Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысының бас полицейі онлайн-режимде халыққа есеп берді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысының бас полицейі онлайн-режимде халыққа есеп берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.11.2020727 Views

    Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков 2020 жылғы 9 айында облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы онлайн режимде есеп берді. Есептік кездесу карантиндік іс-шараларға байланысты Полиция департаментінің Фейсбук және Инстаграм парақшаларында тікелей эфир арқылы жүзеге асырылды, — деп хабарлайды Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

    Жалпы, жыл басынан бері Полиция департаментінің қызметкерлері күнделікті қызметте түрлі оқиғаларға кезігіп, сан алуан істерді атқарып келеді. Олардың барлығын талдап, саралап, нәтижесімен бөлісу үшін есептік кездесуде бірінші бейнефильм  көрсетіліп, одан ары  қарай баяндамамен жалғасын тапты.

    Тоғыз айды қорытындылаған Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы  облыста қылмыстық құқықбұзушылықтың 26,6 пайызға, ал қылмыстың 27,5 пайызға азайғанын атап өтті. Өз кезегінде тұрғындар тікелей эфир арқылы көші-қон, кадр, патрульдік полиция бойынша сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алып, полицияның атқарған жұмысына оң баға берді. Желі қолданушыларынан толассыз түсіп жатқан сауалдардың барлығына облыстың бас полицейі Қайрат Дәлбеков ашық та нақты жауап беріп отырды.

    Оған қоса полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков: «Облыс көлемінде Президентіміз бен ІІМ полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың тапсырмалары полиция қызметкерлерімен тиянақты орындалып, жұртқа жақын және ашық болу бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғаса беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ желі қолданушыларына департаменттің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен жеке өзімнің парақшам тәулігіне 24 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасап тұрады. Сондықтан кез-келген уақытта сауалдарыңызды сол жерге жолдап немесе менің қабылдауыма жазылып, тікелей келулеріңізге болады. Мен сіздермен байланыс жасап кездесуге әрқашан дайынмын!», деп атап өтті.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.