Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысының шабандоздары ел чемпионы атанды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысының шабандоздары ел чемпионы атанды

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.11.2020701 Views

    Көкпардан жастар арасында апта бойы жалғасқан Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының «Құлагер» командасы бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері аударыспақ, жамбы ату жəне теңге ілуден өткен елішілік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де анықталды.
    Кілең мықты жігіттер бақ сынасқан көкпар додасына елімізден 9 команда қатысты. Биыл 15-рет жалауы желбіреген шабандоздар сайысының ақтық сынында Түркістан облысының командасы Жамбыл облысынан келген «Әулие-ата» көкпаршыларын 6:2 есеппен ойсырата жеңді. Жамбыл облысының көкпаршылары күміс жүлдегер, Алматы қаласының құрамасы қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту мақсатында аударыспақ, теңге ілу жəне жамбы атудан да биылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Апта бойына жалғасқан жарыста білекті де қайсар жігіттер арасында аударыспақтан 4 салмақта түркістандықтар жеңімпаз атанды. Мәселен, 70 келіде жеңістің тұғырынан түркістандық Дарын Өткелбай көрінсе, 80 келіде Расул Құрайыш, +80 келі салмақта Ғабит Ағабектің бақтары жанды.Теңгі ілуден  Ғалымжан Изжановтың мерейі үстем болды. Ал, жамбы ату жарысында Жамбыл облысының саңлағы Бақдəулет Бабажан жеңімпаз атанды. Түркістандықтар Батыр Бексауыт күміс алқа, Ералхан Айкөз кола жүлдені қанағат етті.
    Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, аударыспақтан «Үздік спортшы» атанған Расул Құрайыш пен көкпардан «Үздік салымшы» номинациясына ие болған Сабыр Бақдаулетке граммоталар табыс етілді. Ал, жанкүйерлерді өзінің талантымен таң қалдырған Намыскөк атты сүйгүлік «Үздік ат»  атанды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.