Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дегелең тауына арқарлар орала бастады
    Жаңалықтар

    Дегелең тауына арқарлар орала бастады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шығыс Қазақстандағы Дегелең тауына арқарлар орала бастады. Тастан-тасқа секірген түз тағысының бейнежазбаларын тілшілерімізге Ұлттық ядролық орталықтың мамандары көрсетті. Бұрынғы Семей сынақ алаңындағы жарылыстардың басым бөлігі осы маңда жасалғаны мәлім. Осыдан 60-70 жыл бұрын жан-жануарлар тұрмақ, бұлақ көздерінің өзі бітеліп қалған еді. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Бұл бейнежазбалар көпшілік назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Арқарлардың үйір-үйір болып Дегелең тауында жайбарақат жайылып жүрген көріністерін Ұлттық ядролық орталықтың мамандары фототұзаққа жазып алыпты. «Мұндай ғажайып көрініске өзіміз де таңқалдық», – дейді ғалымдар.

    Андрей Паницкий, ҚР ҰЯО экожүйені кешенді зерттеу бөлімінің басшысы:

    – Дегелең тауының тек бір бөлігінде ғана 92 арқар бар екенін анықтадық. Бұл жерлер қоршалып күзетілетіндіктен, олар емін-еркін жайылып жүр. Кейбіреулер ойлағандай жан-жануарлар әлемінен қандай да бір ауытқулар мен ерекше көріністер байқамадық.

    Арқарлар Қызыл кітапқа енген жануарлар болғандықтан, оларды аулауға қатаң тыйым салынған. Сондықтан тек табиғи жолмен өлгендерін ғана зерттеуге мәжбүрміз дейді ғалымдар. Қазір мұндағы мамандар полигон аумағындағы аң-құстардың бойындағы радионуклидтердің мөлшерін анықтаумен айналысуда.
    Алақандай ыдысты хайуанаттар бағы деуге болады. Мәселен, шыны құтыда арқар жатса, басқа жағында қоян, суыр жатыр. Бұларды әбден зерттеу үшін апталап, кейде айлап уақыт кетеді екен.

    Бұл күндері Курчатовта «Семей сынақ алаңы. Радиациялық мұра және даму болашағы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Оған еліміз бен әлемнің 17 мемлекетінен 200-ден астам ғалымдар қатысты. Олар бұрынғы сынақ алаңының бүгінгі адамзат баласына бейбіт қызмет ететініне сенімді.

    Шохей Кавано, ғалым (Жапония):

    – Қазақстанның Ұлттық ядролық орталық мамандары жүргізіп жатқан жүйелі зерттеулерге біз жоғары баға береміз. Фукусимадағы апаттан кейін бізге олардың көмегі көп тиді. Болашақта бірлескен жобалар көп болатынына сенімдімін.
    Өткенде атом көлінде балық пайда болғанын хабарлағанбыз. Енді міне, бұрынғы атом полигоны аумағына арқарлар оралуда. Бұл ұлы дала атырабының бір бөлігі талай жыл қасірет шеккен шығыста мамыражай тіршіліктің жандана түсетіндігінің көрінісі болса керек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.