Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Есірткіге – жоқ, де!
    Айғақ MEDIA

    Есірткіге – жоқ, де!

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.11.2020810 Views

    Халық денсаулығы басым құндылық бола отырып, қоғамның қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

    Денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуі — тұтастай алғанда мемлекет дамуына және жекелеген адам әлеуетінің кері кету қаупін тудырады.

    Осыған орай құқық қорғау органдары есірткімен байланысты қылмыспен үнемі күресіп келеді.

    Есірткіге деген сұраныс негізінде оны сақтау мен тарату және өсіруге байланысты қылмыстардың өсу динамикасы байқалуда.

    Covid19-ға байланысты қолданылған карантиндік шараларға қарамастан, біздің облыста есірткі қылмысына қатысты құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады.

    Ағымдағы жылдың 9 айында 318 қылмыс фактілері анықталды. Бұл-өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 8,2% артқан.

    Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың дамуына орай есірткі заттарын интернет-ресурстары арқылы сату — (интернет-дүкендері, Telegramm мен Whats’App мессенджерлері) контактісіз (тікелей байланыссыз) түрінде жүзеге асырылатындығын атап өту керек, өйткені ол – есірткіге қатысты фактілерді анықтау мен оның жолын кесуде барынша қиындық туындатады.

    Мысалы, интернет (ғаламтор) қолданушысы интернет-қосымшалары мен интернет-дүкендері арқылы тауарларға (есірткі құралдарына) тапсырыс беріп, онлайн — әмиянды пайдаланып, төлем жасайды (kiwi-әмиян және т.б.).  Төлем жасалғаннан кейін сатушы тауарды белгілі бір жерге орналастырады да сатып алушының мекенжайына жібереді.

    Бұл сату әдісі — сатушы мен сатып алушы арасындағы визуалды байланысты толығымен жоққа шығарады.

    Есірткі заттарын таратудың осы түрінің кең таралуы –құқықтық  шараларды қабылдауға мәжбүр етеді.

    Осыған орай, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіліп есірткі құралдарын электрондық ресурстар арқылы тарату — аса ауыр қылмыс құрамына жатқызылып ол үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Түркістан облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының (статистикасына) мәліметіне сәйкес нашақорлыққа тәуелді 431 адам есепте тұр.

    Сонымен қатар нашақорлыққа ең сезімтал келетіндер — өскелең жасұрпақ екенін атап өткен жөн.

    Есірткі құралдарының денсаулыққа ерекше зияндылығын ескере отырып, оны заңсыз сақтау мен тарату және өсіру фактілері өзіңізге белгілі болған жағдайда, құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз.

                                                                   Түркістан облысының прокуратурасы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.