Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда елімізде теңдесі жоқ су спорт кешені салынады
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда елімізде теңдесі жоқ су спорт кешені салынады

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.11.20202 290 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздегі ескек есу жəне желкен спорты бойынша оқу-жаттығу жиындары өтетін Бадам су-қоймасы спорт базасының жұмысымен танысып, спортшылармен кездесті. Әмбебап оқу жаттығу базасы 130 адамға арналған. 8 гектар аумақты алып жатқан спорт базасында жасанды көл, екі спорт алаңшасы, қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары да бар. Түркістан дербес облыс атанғанда, облыстық спорт кешені Шымкент қаласының үлесіне өткен. Қазір мұнда Түркістан облысы мен шымкенттік спортшылар жаттығуда.

    Халықаралық дәрежедегі ескек есу каналы Түркістан қаласында келер жылы салынады. Елімізде теңдесі жоқ олимпиадалық су кешенінің эскиздік жобасын облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы мақұлдады. Ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 80 гектар алқапқа жайғасады. Осылайша Қазақстанда су спорт түрлерінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, Түркістанда жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік туады.

    Сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, теннис, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерін дамытуға септігін тигізетін спорт кешенінде кеңселер, қонақ үйлер, сауда орталықтары, кафелер, спорт және ойын алаңдары, аквапарк, балалар аттракциондары және тағы бас нысандар орналасады.

    Түркістан облысының ескекшілері республикида көш бастап келеді. Қазақстан ұлттық құрама командасы мүшелері 2021 жылы өтетін Токио олимпиадасының жолдамасы үшін лицензиялық турнирлеріне жоғары деңгейде дайындық жасауда. Түркістан облысынан лицензиялық жарыстарға ескек есуден Ирина Клинова мен академиялық ескек есу спортынан Владислав Яковлев, сонымен қатар параконоэден еліміздің ең дарынды спортшылары Жалғас Тайкенов пен Бибарыс Спатай олимпиаданың жолдамасы үшін жарыс жолына шығады.

    Ескек есу бойынша 300-ден астам түркістандық спортшылар Азия чемпионаттары мен Олимпиадалық ойындардардың жүлдегерлері. 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиадалық ойында және 2016 жылы Бразилияда өткен дүбірлі сайыста әлемнің үздік ондықтар қатарына кірген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.