Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді
    Әлеумет

    Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.11.2020518 Views

    2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және COVID-19-дың екінші толқынына дайындық туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, жеке қорғаныш құралдарының баға саясатын мониторингілеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш. Бұқтұғұтов баяндады. Биылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша ҚР көптеген өңірінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды. Инфекциялық төсек орындары 22%-ға, реанимациялық орындар 18%-ға жүктелген. Бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалады. Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шаралары мен карантин режимін сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды. Премьер-Министр барлық өңірлер тұрақтандыру қорларын Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне дейін жеткізу бойынша алға қойылған міндетті орындағанын атап өтті. Үкімет басшысы емханаларды, стационарларды, жедел жәрдем қызметтерін қажетті жабдықпен толықтыруды жалғастыруды тапсырды. Цифрландыру және денсаулық сақтау министрліктеріне ауруды жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды, науқастарды қадағалау, санитариялық талаптардың сақталуына мониторинг жасау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, енгізуді жеделдету, Индустрия министрлігіне өңірлерге рентген аппараттарын, жедел жәрдем автокөліктерін жеткізуді жылдамдату, әкімдіктерге оларды қабылдауды тездету тапсырылды. ВАК бірқатар шешім қабылдады: І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу: ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған). II. Визасыз режим бойынша 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту. ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту. IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша 2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.

    primeminister.kz сайтынан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.