Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте 31 мыңнан астам «ТӨЛЕМ» картасы сатылған
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте 31 мыңнан астам «ТӨЛЕМ» картасы сатылған

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.10.20201 361 Views

    Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру бойынша «Төлем» жүйесі енгізілген болатын. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қолға алынған жүйенің даму бағытын бақылау мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов сала мамандарымен жиын өткізіп, бүгінге дейінгі атқарылған жұмыс барысының есебін тыңдады.Бүгінде «Tolem» электронды билеттендіру жүйесінің валидаторларын қосу жұмыстары аяқталып, қала тұрғындарына карточкалар таратылып жатыр. Қазіргі таңда 31000-нан астам карта сатылып, 65000 данадан астам жолаушыдан транзакцияланған.

    Тұрғындарды тіркеу және сатып алу, пайдалану бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, күніне 150-ден астам қоңырауға жауап беретін Саll-орталық жұмыс жасауда.Сонымен қатар, жеңілдікпен жүру мүмкіндігі қарастырылған ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгі иелеріне және І — топтағы көру қабілеті нашар жандарға көлік карталарын тіркеу жалғасуда.

    Жеңілдікпен жүретін азаматтарға карталарды тіркеу мақсатында Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы мен қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардан қажетті мәліметтер қабылданып, базаға енгізілуде. Процестің тиімділігін арттыру мақсатында 2 қарашадан бастап Telegram-бот арқылы өз бетінше өтініш бере алу мүмкіндігі іске қосылады. Картаға өтінім жіберіліп тіркелген соң, ол жасалып, оқушылар үшін оқу орнына, жеңілдетілген тұлғалар үшін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы мен қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пайдалануға дайындалып, жеткізіледі.Жалпы қалада 220 мың мектеп оқушысы, 80 мың студент, 14 мың жеңілдік берілген тұрғын бар.

    Дегенмен, қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді. Тұрғындарға қолжетімді болу үшін «Төлем» карталарының толық таратылмауына байланысты 1 қарашадан басталатын тарифтің іске қосылуын 9 қарашаға қалдырды. Сәйкесінше сала мамандарының сол уақытқа дейін жүйені толық аяқтап ендіруді және тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

    Жалпы жоба жеке инвестор «QazSmartTrans» ЖШС-і есебінен іске асырылуда. Инвестиция көлемі 1,2 млрд. теңгені құрайды. Төлем карталарының 4 түрі қарастырылған – стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушыларының, студенттік және жеңілдетілген карталар.

    Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып жол жүру ақысын төлей алады. 9 қарашадан бастап көлік карталары арқылы тариф 70 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф 100 теңге болады.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.