Ағымдағы жылы орманды молайту шаралары бойынша 1010 гектар жерге мәдени орман екпелерін (оның ішінде сексеуіл-900 га) егу мен 10 500 гектар жерге сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бүгінде жерлері дайындалған. Бұл тұрғыда орман екпелерін күтіп-баптау, толықтыру, орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау, орманды өрттен қорғау және орман тұқымбақтарын дамыту шаралары тұрақты атқарылып келеді. Бұл туралы Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Данияр Сейітов баспасөз жиынында баяндады. Оның айтуынша табиғат аясында браконьерлермен рұқсатсыз ағаш кесіп, аң аулау, т.б заңсыздықтарға бару оқиғалары кесдесесіп жатады.
