2020 жылғы 1 қыркүйекке Түркістан облысы халқының саны 2 036 029 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адамды (79,7%) құрады. 2019 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 27 185 адамға немесе 1,4% өскен.
Облыста 2020 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 29 026 адамды құрады және 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4%-ға (114 адамға) өсті.
Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орында.
2020 жылдың қаңтар-тамызында облыстың туу бойынша республикадағы үлесі 14%-ды немесе 38 404-ті құрады. (2019 жылғы қаңтар-тамызында – 35 981 бала туылды).
2019 жылғы қаңтар-тамызда 1000 қыз балаға 1 097 ұл бала туылды, бұл жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы дәстүрлі сақталуда.
ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
2020 жылғы ІІ тоқсанда Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда, 168 301 теңгені құрады және 2019 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 34,8%-ға артқан. Нақты жалақы индексі осы кезеңде 126,2%-ды құрады.
Осы тоқсанда ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында 243 324 теңге болып белгіленсе, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында – 137 498 теңгеге жеткен.
2020 жылғы ІІ-ші тоқсанда салалар кесіндісінде ең жоғары айлық жалақы «Каржы және сақтандыру» саласында 220 355 теңге болып белгіленді және ең төмені «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» саласында 70 121 теңге болған.
Түркістан облысы бойынша 2020 жылғы қыркүйекті 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда инфляцияның деңгейін сипаттайтын, тұтыну бағаларының индексі 105,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 7,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 3%-ға, ақылы қызметтер – 5,5%-ға жоғарылаған.