Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2020315 Views

    Түркістан облысы бойынша коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 100 карантиндік төсек-орын дайын. Қосымша қажет болғанда орын санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. «Облыста медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жасақталған. Оттегі станциясының саны 2 есеге артып, жалпы 8 станция бар.         Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты сатып алынды.  Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетті. Оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 205-тен 2005 нүктеге дейін ұлғайды. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен 1 компьютерлік томограф пен 3 сандық рентген аппараттары орнатылды. Медициналық ұйымдарда пульсоксиметрдің қамтамасыз етілуі 190-нан 3879-ға дейін жетіп отыр», — деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, облыста ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 9 бірлікке дейін өсіп, күн сайын 2,5 мыңнан астам зерттеулерге мүмкіндік беруде. Бұдан өзге, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынуда. Нәтижесінде жылжымалы медициналық кешенмен аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрайтын болады. Жедел-жәрдем қызметіне жыл соңына дейін 122 автокөлік сатып алу жоспарланған. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, медициналық ұйымдарда 2 айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Өңірде тұрғындарды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бөлшек сауда дәріханалары арқылы жергілікті тұрақтандыру қоры құрылған. Жалпы облыс аумағында 557 бөлшек сауда дәріханалары қызмет атқарады. Оның 238-мен өзара әрекеттесу туралы Меморандумға қол қойылды. Халықты бетперделермен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ересектерге 1,5 млн дана және балалар үшін 1 млн дана қосымша тапсырыс берілді.Түркістан облысында пандемия басталғалы COVID-19 инфекциясын жұқтырған  3 408 жағдай тіркелген. Жазылып шыққандар саны – 3 349, қайтыс болғандар – 46.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.