Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТ: 101 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТ: 101 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2020661 Views

    Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады.

    Оның айтуынша «2-10-20» тұрғын үй бағыты бойынша 224 отбасы әлеуметтік несиелендіру шартымен тұрғын үймен қамтылған. Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 114, толық емес отбасылар – 60, мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасы – 50. Сонымен қатар, «2-10-20» — «Бақытты отбасы» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша бастапқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттің есебінен бөлінген 100 млн. теңгеге 101 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді.

    Одан бөлек, 1 қазандағы жағдайға сәйкес, «7-20-25» тұрғын үй бағыты бойынша 885 азамат жаңа пәтердің кілтін алған.

    Жыл соңына дейін «7-20-25», «2-10-20» бағыттары бойынша 4 несиелік үй, «5-20-25» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы ЖАО-да кезекте тұрғандарға 16 несиелік үй, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша банк салымшыларына (ЖАО-да кезекте тұрғандарға – 50%, салымшыларға – 50%) 6 кредиттік үй пайдалануға беріледі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.