Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді талқылады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Зиялы қауым өкілдері өзекті мәселелерді талқылады

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.20202 101 Views

    Түркістанда «Абай мектебі» мен жазушылар қауымы арқа сүйейтін тірек болатын орда ашылуы керек. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен кездескен зиялы қауым өкілдері осылай деді. Басқосу барысында өңірдің жай-күйі, мәдениет, руханият, білім, туризм салалары, өнер мен тілдің ахуалы әңгіме арқауына айналып, келелі кеңеске ұласты. Емен-жарқын сұхбат барысында зиялылар өз ұсыныс-тілектері мен ойларын бүкпесіз ортаға салды. Сансыз бабтар мекені Сайрамның тың құпияларын ашып, тылсым тарихын зерттеуді ұсынды. Түркістанды уақыт талабы қажет ететін ұлттық кодтан ауытқымай отырып дамытуды еске салды.

    Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев Саурандағы көнеден қалған кәріз жолдары жайлы сөз етті. Әлі күнге дейін сақталған аумақты қайта жандандырып, әдемі дүниеге айналдыруды ұсынды. Бұл кәрізді Үндістаннан әкелінген құлдар немесе ирандықтар жасаған, деген болжам бар.«Ыстық өлкелерде қашан да кәріз құдықтары пайдаланылған. Кәрізден шыққанда Алаңбұлақ деген бұлақ бар. Алаңбұлақтан Түркістанға дейін оншақты құдықтың ізі жатыр. Су Алаңбұлаққа дейін келіп Түркістанға жерасты жолдарымен жеткен. «Түркістан жаугершілік заманда қалай қорғанды» десек, осы судың арқасында қорғанып отырған. Ауылдың Кәріз атанып кеткені де содан болған. Кәрізге жауапты адамдар да болған. Міне бұл да бір Түркістанның ерекше құпияларының бірі, — деді Жамбыл Омарұлы.Сәкен Қалқаманов барлық ұсыныстарды назарға алды. Зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ «Алатау медиа-орталығын» аралап, Түркістан төрінде орнатылған Хакім Абайдың жаңа ескерткішіне барды. Зиялылар Ұлы ақын мүсінінің ерекшелігіне жоғары бағасын берді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.