• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкентте академик Әбдімұса Қуатбековке ескерткіш ашылды

26.10.2020
0

Өзі іргетасын қалап кеткен оқу ордасының алдына тұрғызылған бұл ескерткіштің рөлі зор. Өйткені ғұмырының соңына дейін білім саласында тер төгіп, еңбек еткен азамат Халықтар достығы университетінің іргетасын қалап, бұғанасын қатайтқан. Лайықты азаматқа лайықты орыннан ескерткіш бұйырғаны көпшілікті қуантты. Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті Шымкент қаласында аты ілтипатпен аталатын жоғары оқу орындарының бірі. Осы жоғары оқу орнының президенті болған  Әбдімұса Мұратұлы білім беруді дамытуға, өндірістің барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда аянбай еңбек етті. Университеттің негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Қуатбековтың шыққан шыңы биік. Бүгін арда азаматқа арнап оқу ордасының алдына ескерткіш ашылды. Ашылуға келген көптің қарасы қалың. Өйткені өмірін білім, ғылыммен өрнектеген ұлағатты ұстазды жақын туыстары мен әріптестері сағынышпен еске алып, жылы сөздер мен жақсы тілектерін аямады. Әрбір сахна төріне келген азамат Әбдімұса Қуатбековтың еңбек жолындағы жарқын белестерін тілге тиек етті.Оңтүстік өңірі Әбдімұса Қуатбековтың отбасын «Академиктер отбасы» деп те атап кеткен. Ұлықты ұлы Нұрлан Қуатбековпен қатар, Рабиға және Роза атты қыздары да әке жолын жалғастырып келеді. Әбдімұса Мұратұлының 21 ғасырдың әлем ғылымына қосқан үлесі үшін алған медалі де және өзге атақ -марапаттары үлкен белестерге жол сілтейді. Қуатбеков талай шәкіртті қуаттандырып, қанатын қатайтқан. Осындай жанның қолпаштауында сапалы білім алған ұл-қыздары, шәкірттері Әбдімұса Қуатбеков туралы тек жақсы естеліктерді жанына түйген.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде сөз алған Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттары Саттар Қуашбай мен Дулат Әбіш өнегелі ғұмыр жолында талай шәкірттің ұстамды ұстазына айналған Әбдімұса Қуатбековтің ұрпақ ұлағаты жолындағы ілкімді істері туралы кеңінен айтып берді. Иә, қашанда Арыстағы балалар үйі тәрбиеленушілерінің ет жақынына айналып, үнемі жанынан табылатын арда азаматтың есімі мәңгілік өшпейді. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған қамкөңіл жандарды тәрбиесіне баулып қана қоймай, жоғары білім алуына көп жәрдемтесті. Көрген жұрт Әбдімұса Мұратұлын ағасы әрі әкесі санайтын. Саналы шәкірт тәрбиелей білген тұлғаның өнеге ісі өзгеге үлгі.

Бүгінде университет ұжымы достықты нығайта отырып Қазақстан Республикасындағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін қазақ халқының төңірегіне топтастыру бағытында ерінбей еңбек етіп келеді. Университетте 13 мыңға жуық студент білім алуда. Бүгінгі таңда оқу ордасының 6 оқу ғимараты, 3 кітапхана, 4 жатақхана, 3 медициналық пункт және спорт залы бар.

Арыс қаласының тумасы Шымкенттің тарихында қалады. Халықтар достығы университеті тұрғанда Әбдімұса Қуатбековтың атына берілген ескерткіштегі есім мәңгі өшпесі анық.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.