Түркістан облысында коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында 5 шілде мен 26 қазан аралығында 52 мониторингтік топтар мен полиция бөлімшесінен келіп түскен мәліметтер негізінде, Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық және қалалық басқарма мамандарымен карантиндік шектеу режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстары жүргізілді.
Карантиндік шектеу режимі кезінде санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік айыппұлдар салынған. ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен 3444-жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде, 78 жеке кәсіпкерге, 9 заңды тұлғаға , 41 лауазымды тұлғаға хаттамалар толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, 3572 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 184 млн 403 640 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 131 млн 260 500 теңгесі өндірілген.
Егер, 7 күн ішінде айыппұлды өтейтін болса, 50 пайызын ғана төлеуді қарастырған. Бүгінгі күнге дейін 95 беташар, 46 келін түсіру, 50 қыз ұзату, 10 құдайы тамақ, 98 құдалық, 21 бесік той, 7 тұсау кесер, сүндет той, 19 ұжымдық жиын, жалпы 346 отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылған.