• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА ҚОС ҒҰЛАМАҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

23.10.2020
0

Түркістан қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы мен ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай еңселі ескерткіштер орнатылды. Салтанатты рәсімге ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шаһардағы «Оқушылар сарайы» ғимаратының алдына орнатылған Абай Құнанбайұлының бейнесін мүсінші тереңінен аша білген. Ескерткіште басында тақия, иығына шапан жамылған Абай қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері қадам басып келеді. Демеушілер есебінен жасалған екі ескерткіштің де авторы – мүсінші Гүлфия Мелдеш. Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының мүсіндері монументалды стильде жасалған.


Ресми шарадан соң ҚР Мемлекеттік хатшысы бастаған делегация «Оқушылар сарайын» аралап көріп, өнер ордасының жұмысымен танысты.
Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген «Облыстық драма театр» алдына қойылды. Салтанатты рәсімде сөз алған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қасиетті қаладағы іс-шараны ұлы даланың ұлағатты тұлғаларына тағзым ету мақсатында атқарылып жатқан игі іске балады.


«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Түркістан дербес облыс ретінде өркендеп, тарихи шаһар жасарып, жаңаруда. Түркістан бар қазақтың басын қосып, ел болып бәтуа жасаған тарихи алқап. Осы екі рухани тұлғаға арналған ескерткіштердің рухани астанамыз Түркістанда тұруы әрине заңдылық, әрине қажеттілік. Өйткені бұл ескерткіштер жаңа тәуелсіздік заманында біздің рухани жаңғыруымызға қолдаушы әрі куәгер болады деген үміттен шыққан ниет, шара», – деді Мемлекеттік хатшы.
Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өркениет көшіндегі әйгілі ойшылдардың мерейтойы қатар келген биылғы жылдың еліміз үшін елеулі жылға айналуын атап өтті.
«Біз бұл тойларды Мемлекет басшысы айтқандай, ысырапшылдықпен емес, ынсап пен тәлім-тәрбиенің төңірегінде атап өтудеміз. Бұл – дұрыс шешім. Биылғы жылдың ауыр болғанына қарамастан біз ұлт руханиятына берері мол, рухани-мәдени бағыттағы біршама жұмыстар атқардық. Елеулі еңбектің бірі – бүгінгі тұғырға қонған бабаларымыздың бейнесі. Абай мен Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіштері жаңарған Түркістанның өміршең келбетін қалыптастыруға оң ыңпалын тигізеді, деп сенемін», – деді облыс әкімі.
«Облыстық драма театр» алдында орнатылған ұлы ойшылдың керемет бейнесі жан-жақты даралықта жеткізілген. Қоладан құйылған қос ескерткіштің биіктігі 4 метр, салмағы 1,5 тонна. 3,5 метрлік тұғырға орнатылған. Салтанатты рәсімде «Әл-Фараби» күй – поэмасының тұсауы кесілді.

Айта кетелік, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бастаған арнайы делегация сондай-ақ, Отырар ауданындағы қайта жөндеуден өткен Әл-Фараби естерткіші мен «Даңқты бабалар саяжолы» аллеясында болды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Бір телефон қоңырауы немесе жалған хабарлама. Осылайша мыңдаған адам алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Әсіресе, егде жастағы азаматтар жиі зардап шегуде....

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Қала күні қарсаңында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Шырайлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол қала әкімімен бірге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.