Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында «ҚАМҚОРЛЫҚ» аясында 8 балалы ана баспаналы болды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында «ҚАМҚОРЛЫҚ» аясында 8 балалы ана баспаналы болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2020794 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауылдық округтегі жанашыр кәсіпкерлер мен ауыл жастары демеушілік жасап, көмекке мұқтаж тағдыр тауқыметін тартқан жандардың бірі, ауыл тұрғыны жалғыз басты 8 баланың анасы Рыскүл Торыбаеваға 6 бөлмелі тұрғын үй салып берді.Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы басыбайлы баспана бұйырған отбасындағы балалардың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойғы қиындықтан құтылған ананың айтар алғысы айрықша. Көпбалалы отбасы мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған. «Қамқорлық» бағдарламасын «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен облыс әкімдігі бірлесіп үйлестірді. Игі шара тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Бағдарлама аясында аудан, қалалардағы тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Мұндай отбасыларды анықтау үшін құрылған арнайы комиссия құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер кірді. Кешенді бағдарлама аясында 2000-ға жуық адамға көмек берілді. Отбасылар азық-түлік, киім-кешек, материалдық көмек көрсетілуде.  Оның ішінде 35 отбасына тұрғын үй алып берілсе, 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 178 адам қоғамдық жұмысқа тартылған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.