Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2020665 Views

    Мемлекеттік қызметшілерге кез-келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады. Бұл жөнінде Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді.

    Департамент тарапынан атқарылған жұмыстар туралы баяндаған Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер енгізілгендігін атап өтті. Негізінен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Департаментпен ағымдағы жылдың 9 айында облыс бойынша 700 мыңға жуық адамды қамтыған 1337 түрлі бағытта іс-шара ұйымдастырылған.
    «Жаңа заңнамаға сәйкес, сыбайлас жемқорлық субъектісі болып табылатын квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларының тізімі кеңейді. Сонымен бірге, мемлекеттік функцияларды атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Сондай-ақ, қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген бап енгізіліп, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез-келген қылмысты қамтитын болады. Жемқорлық фактісіне кезіккен жағдайда азаматтар тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығына хабарласа алады», – М. Асқарбайұлы.
    Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша – 46 қылмыс тіркеліп, мемлекетке келтірілген залал 1 млрд. 142 млн. теңгені құраған. Оның бүгінде 99 пайызы өндіріліп, мемлекет қазынасына қайтарылған.
    Брифингте «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсе үйлестірушісі Гүлзия Қарсыбай мекеменің атқарған жұмыстарымен таныстырды.
    «Сапалы жол» жобасы аясында автомобиль жолдарының құрылысына қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Есептік кезеңде 11 ауданда мониторинг өткізіліп, нәтижесінде 34 бұзушылық анықталып, әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Ал «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы бойынша бүгінгі күні 574 млрд. теңгегеден аса 42 ірі кәсіптік субъекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылды. Сондай-ақ, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсе бастамасымен 60 мекеме «Open Space» үлгісінде және 84 Фронт кеңсе мен 6 Сервистік әкімдік тұрғындар үшін жұмыстар атқаруда.Облыс аумағындағы дәрі-дәрмек бағасы, жол сапасы, білім сынды әлеуметтік маңызды салалар жобалық кеңсе назарында», — деді ол.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.