Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысының дәрігерлері теңдесі жоқ ота түрін ойлап тапты
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысының дәрігерлері теңдесі жоқ ота түрін ойлап тапты

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.20202 792 Views

    Түркістан облысының дәрігерлері жүкті әйелдердің босану немесе одан кейінгі кезеңде қан кетуін уақытша тоқтатудың жаңа әдісін ойлап тапты. Отаның бірегей әдісін енгізген үздіктер ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтының патентіне ие болды. Операцияның бұл түрін 1,5 жыл бойы зерттеген  топқа Түркістан қаласындағы №3-ші перинаталды орталығының бас дәрігері, онко-гинеколог Нұржан Махмудов басшылық еткен. Медицина саласында 33 жыл қызмет атқарып жүрген білікті дәрігердің айтуынша, отаның жаңа тәсілі дүниежүзі бойынша алғаш рет қолданысқа енгізілуде. «Жүкті әйелдер арасында сәбидің плацентадан ажырауы — жиі кездесетін асқынулар. Көп мөлшерде қан жоғалту — ана мен бала өміріне де аса қауіпті жағдай. Жаңадан ойлап тапқан әдісіміз бойынша система арқылы жатырдағы қан тамырларын байлап қан кетуді уақытша тоқтатамыз. Бұл емдік шараны әрі қарай жоспарлауға, жедел көмек келгенше немесе шалғай аудандарға білікті хирург-дәрігер жеткенге дейін қанды жоғалтпауға мүмкіндік береді»,-дейді білікті дәрігер Нұржан Талғатбекұлы.  Түркістан облыстық №3-ші перинаталды орталықтың білікті дәрігерлер құрамы бұл әдіс бойынша осымен 10 рет ота жасаған. Барлығы да сәтті өткен. Арнайы сарапшы-мамандардың тыңғылықты талдауынан жан-жақты өткен бұл әдісті алдағы уақытта аймақтағы әріптестеріне егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында арнайы семинарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасатын болады. Сонымен қатар, жатырға эндоскопиялық әдіспен ота жасаудың да жаңа тәсілін зерттеп, халықаралық патентке ұсынуды жоспарлауда.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.