Шымкент қаласында халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының 25 томдық кітабының тұсаукесері өтті. «Алаш аманатын арқалаған Ақ жол» деп аталатын еңбекті жарыққа шығару үшін қазақтың ақын қызының 12 жылдай уақыты кеткен. Көрнекті ақын Ханбибі Есенқарақызының бұл кітабы 1920-1926 жылдары басылып шыққан «Ақ жол» газетінің материалдарын жинақтау арқылы жарық көріп отыр.
Ханбибі Есенқарақызы кітапты құрастырып, «Ақ жол» газетінің барлық санын табу үшін қазіргі Қызылорда, Орынбор қалаларына сұрау салып, Мәскеу мен Алматының кітапхана, музейінің барлығын аралап шыққан. Нәтижесінде «Ақ жол» газетінің 60 пайызы Мәскеу қаласынан табылған.
Айта кету керек, жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде басылып шыққан «Ақ жол» газеті – Алаш белсенділері құрған қоғамдық-саяси газет. Оның бірінші редакторы – Сұлтанбек Қожанов болды. Газетте Байтұрсынов, Төреқұлов, Дулатов, Досмұхамедов, Жансүгіров сияқты қазақ зиялыларының өмірі мен тағы да басқа тың мәліметтер жарияланған. 25 томдық кітаптың құндылығы да осы.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...