Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент: «НҰРЛЫ ЖЕР» бағдарламасы бойынша 9 айда 20 тұрғын үй пайдалануға берілді
    Айғақ MEDIA

    Шымкент: «НҰРЛЫ ЖЕР» бағдарламасы бойынша 9 айда 20 тұрғын үй пайдалануға берілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.20201 072 Views

    Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Үшінші мегаполисте биыл 9 айда құрылыс саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Салада негізінен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына басымдық берілуде. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 92 үйдің құрылысы іске асырылуда. 9 айда 20 үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде: Әкімшілік-іскерлік орталығында 528 пәтерлік 8 тұрғын үй, «Шымкент сити» шағынауданында 888 пәтерлі 12 тұрғын үй.

    Қазан айында «Шымкент сити» шағынауданындағы 160 пәтерлі 4 үй, желтоқсанда «Тұран» шағынауданында 1708 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен 3284 отбасы өз баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

    Биыл қосымша 5 арендалық үйдің құрылысы аяқталып, 280 пәтер пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, қарашада нарықтан 696 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, жалпы 976 арендалық пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Оның ішінде: 378 – көпбалалы отбасылар, 298 – әлеуметтік осал топтар, 300 – жұмыс істейтін жастар.Құрылыс басқармасы мамандарының айтуынша, 9 айда 357, 2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 118 пайызды құрады.

    Жыл соңына дейін 254,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. 201 көпқабатты тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 34 нысанның құрылысы жүргізілуде. 1 нысанның құрылысы аяқталып, 39 тұрғын үй және 1 мектеп қажетті инфрақұрылыммен қамтылған.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.