Сенат әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдады. «Олардың ішінде маңызды норманың бірі — музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрерменді хабардар ету. Фонограмманы пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалады. Барлық жарнамалық өнімде және касса жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарландыру беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді, әрі билеттің құнына да әсер етеді», — дейді мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.