Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында медицина қызметкерлері марапатталды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында медицина қызметкерлері марапатталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.10.2020575 Views

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысында коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте болған 33 медицина қызметкері «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Төсбелгілерді табыс еткен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қауіпті індет жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. «Сіздер әлемдік пандемия қыспаққа алғанда алдыңғы шепке шығып, халықты қауіптен аман алып қалуға тікелей атсалыстыңыздар. Өз бастарыңызды тәуекелге тігіп, елдің амандығын алдыңғы орынға қойған сіздерді бүгінгі күннің батырлары десек жарасады. Біз осындай ынтымақ, бірлігімізбен және шынайы жанашырлығымызбен бұл сынақтан да сүрінбей өтетінімізге кәміл сенемін», -деді Сәкен Қалқаманов. 

    Қошеметке ие болғандардың бірі — Ленгір қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шындос Әбдіқалықов. Адам жанының арашасы болып жүрген азамат індет өршіген кезде инфекциялық бөлімге жетекшілік етіп, тәулік бойы жұмыс орнынан табылған. Өзі де вирусты пневмонияға шалдығып, өкпесінің 80 пайызға жуығы зақымданған.«Жансақтау бөліміне ауыр халде түстім. Оған еш өкінішім жоқ. Науқастарды емдеп, өмірлеріне араша болу дәрігерлік адал борышым, деп білемін. Алдағы уақытта да барымды салып, күресуге бармын. Қызметімізді елеп, қошемет көрсетіп жатқан облыс басшылығына алғысымды білдеремін», -дейді Шындос Әбдіқалықов.

    Медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 3340 науқас толық жазылып шықты. Бірінші толқын кезеңінде COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға 6 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.