Жыл басынан бері көпбалалы аналар 171,2 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алды, — деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство мәліметінше, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы сомасы 171,2 миллиард теңгеге 386,6 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Қыркүйек айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 17,9 миллиард теңгеге 359,6 мың отбасы алды.
«Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.


