Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЕЛЕСТІК «БАТЫР ӘКЕ» ЖЫЛЫЖАЙ ІСІН ӨРКЕНДЕТУДЕ
    Айғақ MEDIA

    КЕЛЕСТІК «БАТЫР ӘКЕ» ЖЫЛЫЖАЙ ІСІН ӨРКЕНДЕТУДЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.10.2020504 Views

     Түркістан облысының Келес ауданында 9 баланы жалғыз асырап отырған ер азамат тұрады. Қанәділ Жұмабаев есімді азамат үйіргелік 15 сотық жылыжайына қызанақ, қияр егіп балаларының несібесін алып отыр, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Балаларының үлкені 20 жастағы студент болса, ал кішісі 4 жаста. Жалпы 6 ұл, 3 қызды тәрбиелеп отырған «батыр әке» бүгінгі күннің қаһарманы деуге келеді. Кәсіпкерлік салаға бет бұрған ол мемлекет тарапынан берілген көмекті місе тұтып, үй іргесінен 15 сотық жерге жылыжай құрады. Нәтижесінде, ерте көктемнен қызанақ, қияр өнімін егіп, күзге қарай жерін жыртып, қырыққабаттың көшеттерін сатып, пайда алуды көздеуде. Қолы қалт еткенде, ел арасында құрылыс жұмыстарына шығып, қосымша табысын еселеуде. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Біртілек ауылдық округіндегі «Алтын ай» балабақшасына күзетші болып тұрақты жұмысқа тартылған. «Жылыжай істеп, бала-шағаның бұйырған несібесін алудамыз. Балалар көмектеседі, көмектескені маған, үйренгені өздеріне жақсы ғой. Ертең үлкен болғанда қиналмайды. Одан қалса, ауылдың ішіндегі құрылыс жұмыстарына араласамын. Нақтырақ айтсам, үйдің төбесін жабуды қосымша кәсіп еткенмін» дейді көп балалы әке Қанәділ Пернеханұлы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.