Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ге тарта қызметкері ерікті түрде қан тапсырды. Бұл акция азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толуына орай «Құтқарушылар күніне» орай ұйымдастырылып отыр. Әлемде жыл сайын миллиардтаған адам қан құюға мұқтаж.
Сондықтан ТЖД қызметкерлерінің бұл игі ісі өмірі үшін күресіп жатқан әр адамға үлкен көмек болатындығы анық. Осылай деген Қан орталығының Түркістан қалалық филиалының дәрігерлері барша құтқару органдары қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдіріп кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде таңертеңмен қан орталығына жиналған төтенше жағдайлар департаментінің белсенді қызметкерлері қан тапсыру акциясына белсенді ат салысты. Ең бастысы игі іс арқылы өзгеге өмір сыйлау — сала мамандарының басты мақсаты болып табылады.
aigak.kz