Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
    Айғақ MEDIA

    СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.10.20201 413 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейту қолға алынды. Облыс басшысы ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырған болатын. Осы мақсатта түйе түлігін асылдандыруға 2000-ға жуық түйе аналығы сатып алынды. Оның жартысы жеңілдетілген несие алу арқылы, қалғаны азаматтардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында түйе шаруашылығымен айналысатын бірқатар шаруа қожалықтарының жай-күйімен танысты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Созақ ауданында түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары. Мәселен, өңір басшысы аялдаған Шолаққорған ауылында түйе шаруашылығын өркендетіп отырған «Бағдат» шаруа қожалығында 350 бас түйе бар. Шөлге шыдамды төрт түліктен көктем айларында 256 тонна түйе сүті «Golden Саmеl Group LTD» ЖШС зауытына өткізілген.

    Ірі мал басын асылдандырумен айналысатын «Қанжарбек» шаруа қожалығында 110 бас мүйізді ірі қара, 1150 бас уақ мал мен жүзге жуық жылқы бар. Мал шаруашылығын дамытуда Созақ ауданы межелі табыстарға қол жеткізуде. Атап айтқанда, ауданда 40 мыңға жуық мүйізді ірі қара, 341 471 бас қой-ешкі малы мен 14 мыңға жуық түйе, 25 мыңнан астам құс өсірілуде. 2020 жылдың 8 айында 7 546,1 тн ет, 11 321,6 тн сүт, 2 129,7 мың дана жұмыртқа  өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі едәуір өскені байқалады.

    Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары жасалынды. Жоспарға сәйкес, Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында биылға қосымша 3962 інген сатып алынып, соның нәтижесінде өндірілетін сүттің көлемін 14 250 тоннаға яғни 15%-ға арттыру жоспарланған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.