Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙДІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.10.2020462 Views

    Аймақтағы коронавирус  инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстарының барысы, партияішілік праймериздің  нәтижелері, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге әсері мен Түркістан қаласының айналасында құрылған «Жасыл белдеудің» жұмыстарының барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте ортаға салынды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Аппарат отырысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия ішілік праймериздің қоғамнан қызу қолдау тапқанын баяндады. Іріктеуге 1074 адам түскен. 1-4 қазан аралығында өткен дауыс беруге 78 262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланып, олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында ашылған 209 дауыс беру орындарында карантин тараптары қатаң сақталды.

    Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді. Індет қайта белең алған жағдайда дәрі тапшылығы болмас үшін екі айлық қор жиналып, облыс ауруханалары тыныс алу аппараттарымен қамтылуда. Қосымша төсек-орындар қажет болған жағдайда оның санын 5,5 мыңға дейін жеткізіледі. Облыс басшысының тапсырмасымен аудандық ауруханалар компьютерлік томографпен, ПТР зертханаларымен және цифрлық рентгендермен жабдықталды. Өкпені жасанды желдету аппараттары мен оттегі концентраттары да әр аудандағы емдеу мекемелеріне таратылған. 12 жылжымалы медициналық кешен аудандарға жеткізілуде. Науқастарды дер кезінде анықтап, қызмет көрсету мақсатында арнайы учаскелер мен мобильді топтар құрылған. Түркістан облысы Полиция департаменті өңірдің Бас санитарлық дәрігерінің облыста қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу қаулысына сәйкес күшейтілген түрде жұмыстар атқаруда.

    Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы – жалпы өңірлік өнімнің 20% құрайтын облыстың басымды саласы. Өндірілетін жергілікті көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт өнімдерімен облыс тұрғындары артығымен қамтамасыз етіледі. Ал құс еті және жұмыртқамен қамтамасыз ету көлемі орташа 35 % құрайды. Халыққа жергілікті өнімдердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.