Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ CALL-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ СӘБИДІ ӨЛІМНЕН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ CALL-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ СӘБИДІ ӨЛІМНЕН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.10.2020402 Views
    Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметінің Call-орталығына Сарыағаш ауданынан 1 жасар сәбидің дәрінің үш данасын жұтып, қақалғандығы туралы шақырту түскен, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Дәрі нәрестенің өңешіне тұрып қалып, тұншыға бастаған. Құтқару тобы шақыртуға шұғыл аттанып, 6 минутта жеткен. Бірақ олар келгенше диспетчер Құрбанай Латипова телефон арқылы баланың ата-анасына кеңес бере отырып, тыныс жолдарын ашуға жәрдем берген. Алғашқы медициналық жедел-жәрдем дер кезінде көрсетіліп, нәресте өлімнен аман қалған. Қазір тынысы еркін және жағдайы жақсы.
    «Сәбиді құтқаруда ата-анасына кеңес беріп жатып, қобалжуға жол бермеуге тырыстым. Өйткені әрбір минут сол сәтте өте маңызды еді. Көмегім сәтті аяқталғанда көзімнен жас тамшылап кетті. Жедел-жәрдем қызметінің Call-орталығында диспетчер болып жұмыс істегеніме 1 жарым жыл болды. Әр шақырту адам өмірін құтқаруда аса маңызды екенін түсінемін. Қызметіміз үлкен жауапкершілікті талап етеді», -дейді Құрбанай Латипова.
    Жалпы, Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметіне жыл басынан бері 500 мыңға жуық шақырту түскен. Оның ішінде балалардың бөгде затқа қақалу оқиғалары 169 рет тіркелген. Дәрігерлер осы орайда балаларға аса мұқият болу керектігін ескертеді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.