Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ «HR-PROCESS» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 300-ДЕН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ «HR-PROCESS» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 300-ДЕН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.10.2020910 Views

    Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы жұмысқа орналасқан педагогтармен кездесті. Кездесуге қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау сатысында басшылық ететін комиссия құрамы, бірқатар мектеп директорлары мен аталған жүйе арқылы жұмысқа орналасқан ұстаздар қатысты, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    Онда қала әкімінің бірінші орынбасары білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауда да мейлінше ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам алдында бұл процесс үлкен сенімге ие болуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін одан әрі дамыту мен орын алған кемшіліктер жөнінде сөз қозғады.

    «Кадрларды іріктеудің ашық және объективті жүйесі – білім саласына үздік мамандарды тартудың кепілі болады. Міне, 2 айға жуық уақыттағы қалыптасқан оң пікір осы жұмысымыздың жемісті болғанын көрсетіп отыр. Қала әкімінің тапсырмасына орай ендігі кезекте колледждер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жүйеге қосу және келер жылдан бастап педагогтарды аттестаттау жүйесін автоматтандыру қажет» — деді Шыңғыс Мұқан.

    Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқандардың бірі – Гүлнұр Сүлеймен. Ол Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің қызыл диплом иегері. Қытайдың Шанхай қаласындағы IS-China университетінің түлегі. Магистратураны үздік дипломмен бітірген. Гүлнұр Мырзабайқызы «HR-Process» жүйесі арқылы бос орындарға өтінім беріп, конкурс нәтижесінде №132 жалпы орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

    Айта кетейік, тамыздан бастап іске қосылған жүйеде жарияланған бос жұмыс орындарға үміткерлер тарапынан 2470 өтінім келіп түскен. Бүгінгі күні 460 бос жұмыс орнының барлығына комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 665 үміткердің 2328 өтініші қаралды (бір үміткер әртүрлі мектептерге бірнеше өтінім бере алады). 665 үміткердің ішінен 313 үміткер конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз болып табылды және тиісінше мектеп директорларына бос орынға ұсынылды. Жеңімпаздардың жас ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, 25 жасқа дейінгі – 145, 25-45 жас аралығы — 137, 45 жастан жоғары — 31 үміткер болған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.