• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨШУІМІЗ КЕРЕК

12.10.2020
0

Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың га алқапқа күздік астық егуді бастады. No-till технологиясы – нөлдік өңдеу жүйесі, не сүр танапсыз тікелей себу бойынша алғашқы сынағы өңірде осыдан 3 жыл бұрын басталған. Бразилиядан алынған дән сепкіш құрылғының көмегімен, масақты дақылдардың түсімділігі 2 есе артқан. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологиялардың пайдаланылуы жайында Қазығұрт ауданы, «Шарбұлақ» ауылдық округінде өткен семинар-кеңесте кеңінен айтылды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ашық аспан астында өткен басқосуға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, агробизнес өкілдері, аудан, қала әкімдері мен шаруалар қатысты.
Сүр танапта қалдырмай тікелей себу әдістерін әлемнің дамыған елдері, атап айтқанда АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина елдерінің шаруалары кеңінен пайдаланады. Соңғы жылдары көп елдерде нольдік технологияны пайдалану арқылы өсірілетін егістіктің көлемі артып келеді. Айдалмаған жерге дақылдарды тікелей себу Қазақстанның солтүстік аймақтарында да, әсіресе шөлейтті, су және жел эрозиясына ұшыраған жерлерде, дәнді дақылдарды нольдік технологиямен өсірудің тиімділігі дәлелденді.

«Жаңа технологияларға міндетті түрде көшуіміз керек. Өйткені, мына бәсекелестік заманда дәстүрлі технология алысқа апармайды бізді. Біз кірісейік енді осыған. Нольдік технологияны өте белсенді қолға алып жатқан шаруа қожалықтары бар. Бұл жерде батылдық керек. Бізде бір жақсы жері 5 мың гектарлық алқаптар, ол үлкен емес. Елімізде алды миллион гектарға дейін егетін облыстар бар»,-деді Өмірзақ Естайұлы.
Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Қазақстандағы мақтаны сатып алу бағасының бекітілуін жариялады. Өңірдегі 18 мақта өңдейтін кәсіпорын шитті мақтаның тоннасын 130 мың теңгеден қабылдауды бастады. Іріленген агроқұрылымдар үшін шитті мақта бағасы әлі де өседі деп күтілуде.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СУДАҒЫ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП

СУДАҒЫ КӨРІНБЕЙТІН ҚАУІП

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Су айдындарында шомылуға, тіпті жүзе алған күннің өзінде, асықпаңыз. Себебі тілсіз жаудың қаупі тек оның ағысы мен тереңдігінде ғана емес,...

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

ШЫМКЕНТ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЗАСЫНА — 75 ЖЫЛ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

75 жыл бойы Қазақстанның оңтүстік аспанын күзетіп келе жатқан авиациялық база. Мыңдаған әскери ұшқыштың тағдырын тоғыстырған, ондаған жауынгерлік міндетті мінсіз...

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

ОНКОХИРУРГИЯНЫҢ ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентке мәскеуден арнайы дәрігерлер келді. Олар онкологиялық «Асқазан-ішек жолы мен кіші жамбас ағзаларының заманауи аз инвазивті онкохирургиясы» тақырыбында халықаралық шеберлік...

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ МАРАПАТ ПЕН БАСПАНА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкентте журналистердің еңбегі бағаланды. Ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында абыроймен еңбек...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — РЕФОРМАНЫҢ ӨЗЕГІ

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырады. Бұл жөнінде Шымкентте «Заң мен тәртіп – конституциялық реформаның басты мақсаты» атты дөңгелек үстел өтті....

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ САЛЫНУДА

Айғақ медиа
13.07.2026
0

Шымкентте Таскен тұрғын алабынан Тұран шағынауданына дейінгі аралықты жалғайтын Ақсүмбе көшесінің жалғасы салынуда. Бұл – шаһардағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептелісті...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.