«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесі қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы кәсіподақ активімен қарсаңында отырысы өткізді. Жиынға «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің аудан-қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты. Кездесу барысында кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген салалық кәсіподақ мүшелері марапатталды.
Атап айтқанда, Іңкәрбекова Нұржамал Абылайқызы, Нұрсейітова Галина Жүсіпбекқызы, Хаметов Қасымбек Тұрсынбайұлына «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Құрмет Грамоталары» табысталды.