Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Қарапайым дзюдо бапкері — Праймериз үздігі
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Қарапайым дзюдо бапкері — Праймериз үздігі

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.10.2020637 Views

    Түркістан облысында праймериз жоғары деңгейде өтті. Жалпы 1076 үміткер бақ сынады. Оларға 78262 партия мүшесінің 72973-і (93,2%) дауыс берді. Жалпы бұл саяси дода елге жаңа есімдерді таныстырды. Аудан, қалаларда қарапайым еңбек адамдары, жастар да көп дауыс жинап, доданың көркін қыздыра түсті. Солардың бірі – Мұхит Асилов 2540 дауыс жинап, Сарыағаш ауданы бойынша 1-орынға шықты.

    Ол ірі кәсіпкер де, мекеме басшысы да емес. Дзюдодан Сарыағаш ауданының аға жаттықтырушысы. Аудан жастарын спортқа баулуды мақсат тұтқан намысты азамат. Бүгінде білікті бапкердің шәкірттері республикалық, халықаралық сайыстарда жүлде алып жүр. Өзі 2013 жылдан бері «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі.

    «Партияның бұл праймеризі талай азаматқа қанат бітіргені рас. Мен де осы елдің азаматы ретінде бағымды сынауды жөн көрдім. Маған Сарыағаштың өзекті мәселелері таңсық емес. Үгіт-насихат кезеңінде бір күнді бос өткізбей, барлық шалғай елді мекендерді аралап, елмен кездестім. Мектептерді түгел аралап шықтым. Сайлауалды бағдарламамда бірнеше саланы қамтып, жоспар құрдым. Жастарға, ұстаздарға, мұғалімдерге, жалпы аудан тұрғындарына жан-жақты қолдау көрсетуді көтердім. Алдымен Сарыағаш ауданының, өз ауылымның мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, бірге шешсем деймін. Екіншіден, өзімнің негізгі мамандығым – спортқа ерекше басымдық бермекпін. Сарыағаш ауданында халық өте тығыз орналасқан. Бірақ бірде-бір олимпиадалық спорт мектебі жоқ. Бапкерлеріміздің, спортшыларымыздың жағдайын жасауға күш саламын», – дейді ол.

    Білікті бапкер праймериздің маңызды әрі керек бастама екеніне де тоқталды.

    «Бұл бір ерекше саяси қадам болды. «Nur Otan» партиясының бастамасы уақытында қолға алынды дер едім. Егер өз өңірінде ел сеніміне ие болсаң, жеңесің, егер дауыс жинамасаң, ешкімге ренжи алмайсың. Сарыағаш жұртшылығына, спорттағы әріптестеріме, ауылдастарға, маған сенім білдірген жерлестеріме рахмет. Сенімді ақтауға уәде беремін», – дейді праймериз үздігі.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.