Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстан кәсіподақтарына — 30 жыл
    Айғақ MEDIA

    Қазақстан кәсіподақтарына — 30 жыл

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.10.20201 057 Views

    10 қазан – Қазақстан кәсіподақтарына 30 жыл. Осы орайда, Шымкент қаласы, Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің және салалық кәсіподақтардың бірлесе ұйымдастыруымен «10 қазан – Кәсіподақ қызметкерлері күні» мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді.Салтанатты шараға «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов, «Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, кәсіподақтар қоғамдастығының ардагерлері, салалық кәсіподақ төрағалары және бұл саладағы жас белсенділер қатысты.

    Кәсіби мереке аясында кәсіподақтар қозғалысының ардагері Досыбай Айтбайұлы Шерімқұлов «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық жыл сайынғы байқауының ІІ-орын иегері, «Қорқыт ата» атындағы №22 негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Бауыржан Рахметуллаұлы Бөлегенов салалық кәсіподақтың 150 мың теңгелік сертификатына ие болды. Сондай-ақ, осы салада атқарған ерен еңбектері үшін бірқатар ардагерлер мерекелік «Құттықтау» хаттары мен қаржылай сыйлықтарға ие болды. Саналы ғұмырларының 40-50 жылын кәсіподақ саласына арнаған әрбір ардагер қай кезде де құрметке лайық.Сонымен қатар, еңбек адамының мүддесін қорғау, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерацияның «Грамотасымен» «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалдарының төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев марапатталды. Ал, кәсіподақ жұмысына белсенді қатысып, адал еңбегі мен жауапты көзқарасы, жоғары кәсібилігімен өз лауазымының міндеттерін орындап жүргені үшін «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының «Алғыс» хаты Серік Елемесұлы Әуесхановқа табысталды.

    Жұмыскерлердің мүдделерін қорғау, құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, еңбек дауларын шешу – бұл ұйымның басты міндеттері.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы қардынды дамып келеді. Қатарында 22 салалық кәсіподақтар, 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері және оның құрамында 2 миллионға жуық кәсіподақ мүшелері бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.