Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ МЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ДЕЛДАЛСЫЗ ТІРКЕУГЕ НАСИХАТТАЙТЫН ІС-ШАРА ӨТТІ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ МЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ДЕЛДАЛСЫЗ ТІРКЕУГЕ НАСИХАТТАЙТЫН ІС-ШАРА ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.10.20201 025 Views

    Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жүргізушілері үшін «Екі есе төлеме!» акциясы ұйымдастырылды. Шымкент қаласында жүргізуші куәлігі мен автокөліктерді делдалсыз тіркеуге насихаттайтын іс-шара өтті.

    Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мамандары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, Шымкент қаласының полиция департаментінің қызметкерлері «Екі есе төлеме» атты үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
    Мемлекеттік қызметтерді «көмекшілерсіз» қалай алуға болатындығы туралы ХХХХ-тан астам көлік иесі ақпараттандырылды. Оларға «жүргізуші куәліктерін беру» және «көлік құралдарын тіркеу» мемлекеттік қызметтерін онлайн режімде алу процесі көрсетілді.

    Мемлекеттік корпорация филиалының директоры Данабек Исабеков атап өткендей, азаматтар мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, автокөлікті қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыра алады. Бұл азаматтардың уақыты мен шығындарын үнемдейді.

    — Мұнда күн сайын 500-ге жуық жүргізуші куәлігі беріліп, 1500-ден астам көлік құралы тіркеледі. Көптеген мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшуде. Онлайн тіркеу мамандандырылған ХҚО-ға жүгінбей-ақ, автокөлікті рәсімдеуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді және кезек күту қажеттілігін жояды, — деді филиал директоры.

    Данабек Исабековтің айтуынша, мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және делдалдармен күресуге көмектеседі.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы Әли Көмекбаевтың айтуынша, компьютерді пайдалану мүмкіндігі жоқ азаматтар мемлекеттік қызметтерді қалада орналасқан egov аймақтарында ала алады.
    Мұндай әрбір қызмет көрсету секторы керекті техникамен жабдықталып, электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді. Шымкенттіктер өздеріне жақын нүктелерді 2ГИС қосымшасы арқылы таба алады.

    Анықтама: 2020 жылы Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚО қызметкерлері азаматтарға 52 мыңға жуық жүргізуші куәлігін беріп, автокөліктерді қайта тіркеу бойынша 195 мыңнан астам қызмет көрсетті.

    Жыл басынан бері 7 мыңнан астам қызмет алушы жүргізуші куәлігін электронды өтініш беру арқылы ауыстырды. Сонымен қатар, көлікті қайта тіркеу бойынша 10 мыңға жуық автокөлік иесі онлайн қызметті пайдаланды.

    Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында 3 Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.