Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Мемлекеттік бағдарлама аясында 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Мемлекеттік бағдарлама аясында 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.10.2020645 Views

    Түркістан облысында биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 925 жаңа жұмыс орнын құрып, 12 462 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 111 жаңа жұмыс орны ашылып, 10 739 азамат уақытша жұмыс орындарына жолданды.

    Аталған бағдарлама шеңберінде өңірде 473 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып, оның 261-нің құрылыс-жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Орындалған жобалардың басым бөлігіне әлеуметтік және мәдениет саласындағы нысандар жатады.Мәселен, Келес ауданында 25 жыл жөнделмеген жалғыз аурухана жөнделіп, бүгінгі таңда 143 мың ауданның тұрғындарына сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, 15 әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орындардың саны артты. Одан бөлек, 167 мектептің жөндеу жұмыстары аяқталып, 60 167 оқушының қауіпсіз жағдайда білім алуына мүмкіндік туды. Сонымен қатар, 270,4 мың тұрғынды ауыз су, көгілдір отын, жылу жүйесі және электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің жай-күйі жақсарды. Инженерлік-көлік инфрақұрылым саласы бойынша 44 жоба іске асырылып, ауыл тұрғындарының кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасалды. Ал, елдімекендерді абаттандыру бойынша 25 жоба жүзеге асты.Айта кетейік, өңірде іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға өзгеріс енгізуге қажеттілік туындауына байланысты «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комисияның хаттамалық шешімдеріне сәйкес «Жол картасына» өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 12,1 млрд. теңгеге Түркістан қаласындағы 1- Президент паркінің құрылысы және 1,5 млрд. теңгеге «Қазақ хандарының мемориалдық кешені» жобасы қолға алынған.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.