Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«БІЗДІҢ БЕЙСЕН» КІТАБЫ ОҚУ ОРДАСЫНА ТАБЫС ЕТІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    «БІЗДІҢ БЕЙСЕН» КІТАБЫ ОҚУ ОРДАСЫНА ТАБЫС ЕТІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.10.20201 613 Views

    Қазақ телевизиясының тарланы, журналист Бейсен Құранбек туралы естеліктер жинақталған кітаптың таныстырылымы Түркістан қаласындағы ХҚТУ-де өтті. Жер жәннаты Жетісу өңірінен түркі әлемінің бесігі Түркістан шаһарына жеткен «Біздің Бейсен» барлық кітапхана төрінен орын алмақ. Жаңа кітапты оқырмандар енді университет кітапханасынан алып алып, оқи алады.
    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айтуынан басталған жинақта танымал ел ағаларының естелігі, замандастарының толғаныстары, ақындардың арнау жырлары, көрермендердің ыстық ықыласы мен сағынышы топтастырылған.
    Қарапайымдылығымен қалың қазақтың есінде қалған қоғам қайраткеріне арналған туындының тұсаукесері дара тұлғаның Түркістан облысындағы әріптес, дос, замандастарының басын қосты. Халқының жанына жалау болған Бейсеннің болмысын танытатын оқиғаларды еске алып, әсерлі естеліктердің тиегін ағытты. Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасында өткен рухани жиынға университеттің журналистика кафедрасының белсенді жастары да қатысты.
    Еркін форматта өткен кездесуде сөз алған Бейсен Құранбектің курстасы, ҚР Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің журналистика кафедрасының студенттеріне Бейсен Құранбек атындағы 3 стипендия тағайындалатынын жеткізді.
    Кездесу соңында «Біздің Бейсен» естелік кітабы университет кітапханасына және журналистика кафедрасына сыйға берілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.