• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты

09.10.2020
0

Алматы облысында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны өтті. Оқу-жаттығу жиынын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бақылады. Оқу-жаттығу жиынына десантшы-шабуылдаушы әскердің, әскери-әуе күштердің, әскери полицияның, әскери медициналық мекемелердің, Бітімгершілік дайындық жүргізу орталығы мен Минадан тазарту орталығының мыңнан астам әскери қызметшілері, 100-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды.

Оқу орталығының командалық пунктінде Жоғарғы Бас қолбасшыға бітімгершілік полкінің жұмысы туралы баяндалды. Сондай-ақ қазақстандық бітімгершілік полкіне жүктелген міндеттерді орындаудың жалпы алгоритмі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Президентке бітімгершілік базаның үлгісі таныстырылды. Мемлекет басшысы оқу орталығының инженерлік, лингвистикалық, тактикалық және медициналық сыныптарын аралап көрді.Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгершілік даярлық оқу орталығының инфрақұрылымымен танысқаннан кейін оқу-жаттығу жиынын бақылады. Оқу-жаттығу жиыны барысында бітімгершілік контингенттің гуманитарлық жүк тиелген колоннаны алып-жүру кезіндегі іс-әрекеттері пысықталды.

Жоғарғы Бас Қолбасшы оқу-жаттығулары аяқталғаннан кейін әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның заманауи армиясы Ұлы даланың ержүрек батырларының даңқы мен әскери дәстүрлерін мұраға алғанын атап өтіп, мұны әрдайым есте ұстау керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы елімізде ғана емес, бүкіл әлемде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан әлемдегі тыныштықты сақтау мақсатымен қақтығыс аймақтарына бітімгершілік әскерін тұрақты жіберіп отырады.

– Біздің басты басымдығымыз – ынтымақтастық пен әріптестік. Сіздер халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қостыңыздар. Бітімгер болу дегеніміз – әлемнің елшісі болу деген сөз. Сіздер бұл міндетті абыроймен атқардыңыздар. Осындай оқу-жаттығу жиындарының арқасында әскери шеберліктеріңіз шыңдала түседі. Армиямыздың әскери рухы мен даңқы одан әрі арта түсетініне сенімдімін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасының өзі тікелей құрған  Қарулы Күштердің бітімгершілік қызметі еліміздің бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарына іс жүзінде сай келетінін жеткізді.

Президент 2007 жылдан бері 35 қазақстандық әскери қызметші, оның ішінде төрт әйел азамат БҰҰ-ның Непалдағы, Кот-д’Ивуардағы, Батыс Сахара мен Ливандағы миссияларына штаб офицерлері мен әскери бақылаушылар ретінде қатысқанын айтты. 2018 жылы БҰҰ мандаты негізінде әрекет ететін алғашқы қазақстандық ротаның Ливанға жіберілуі еліміздің бітімгершілік әлеуетін нығайту  үшін жасалған маңызды қадам.

– Қазіргі уақытта өз жауапкершілік аймағының бақылау-өткізу бекеттеріндегі әскери міндеттерін қазақстандық бітімгерлер ротасының төртінші құрамы атқаруда. БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің дайындық жүйесіндегі міндеттер желісін кеңейту үшін Қазақстан саперлердің, әскери медицина қызметкерлерінің, барлау және әскери полицияның арнайы бөлімшелерін ұсынды. Бұл бөлімшелер қазіргі бітімгершілік операцияларында барынша сұранысқа ие, – деді Президент.

Жоғарғы Бас қолбасшы бітімгершілік даярлық оқу орталығы мұндай мамандарды жоғары деңгейде дайындайтынына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметкерлердің көрсеткен кәсіби біліктілігін атап өтіп, қазақстандық бітімгерлерге мінсіз жұмыстары үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы бейбіт өмірде үлкен міндеттерді атқарып отырған әскердің айрықша рөліне назар аударды.

– Биыл біз ел болып пандемиямен күресудеміз. Осындай жауапты кезеңде әскери қызметшілер әрқашан алдыңғы шепте болды. Сарбаздар мен офицерлер отандастарының игілігі жолында нағыз әскери ерліктің үлгісін көрсетті. Пандемияға қарсы іс-қимыл шараларына атсалысқан барша әскери қызметкерлерге алғыс білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әскери қызметшілерге арнаған сөзінде армияның іргетасы қатаң тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған  дара басшылыққа негізделетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бітімгершілік контингенті аясында қызмет ету зор абырой және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Президент БҰҰ құрылған сәттен бері әлем көптеген аймақтық және ұлтаралық қақтығыстардан арылмағанын өкінішпен жеткізді. Ол барлық қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге үндейтін Қазақстанның дәйекті ұстанымын, халықаралық құқықтың базалық қағидаттарын сақтау қажеттігін айтты.

– «Бітпейтін» немесе «ұзаққа созылған» деп танылған аймақтық қақтығыстар БҰҰ Жарғысының қазіргі халықаралық құқықтың қайнар көзі және негізі болып табылатын басты екі қағидатының арасындағы түбегейлі қарама-қайшылықтарды айқындады. Бұл – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен ұлттардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы. Соңғы қағидат мемлекеттер тәуелсіздік алып, отарлықтан құтылған кезде өте өзекті бола түсті. Қазіргі уақытқа дейін әлем өзінің даму бағытын анықтады. Сондықтан бүгінде мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты бірінші орынға шығып, басымдыққа ие болды. Қазіргі қақтығыстарға баға беру кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын басшылыққа алуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштерді дамытудың перспективаларына арнайы тоқталды.

– «Екі мақсатты көздейтін» компоненттерді дамытуға басымдық беру қажет. Пандемиямен күрес тәжірибесі олардың сұранысқа ие екендерін көрсетті. Атап айтқанда, біз әскери-көлік авиациясын дамытатын боламыз. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныш әскерлері өз міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мұндай әскерлерді заманауи техникамен жабдықтауға басымдық беріліп, бұл жұмысқа отандық кәсіпорындар тартылуы қажет.

Мемлекет басшысы әскерді басқаруда цифрлық технологияларды дамыту қажеттігіне, сондай-ақ, кибер және ақпараттық кеңістіктегі тактика мен әрекеттердің стратегиясын пысықтауға көңіл бөлді.

Жоғарғы Бас Қолбасшы сержанттар мен офицерлерді дұрыс дайындамаған және ынталандырмаған жағдайда қуатты Қарулы Күштер құру мүмкін емес деп есептейді.

Біздің басты міндеттеріміздің бірі – сержанттық құрамға кәсіби әскери білім беру ісін дамыту. Бұл мәселені шешуде «Жас Ұлан» мектептерінің және Кадет корпусының барлық әлеуетін пайдалану қажет. Қалыптасқан жағдай командирлерге де ерекше талап қояды. Олар бақылаушы органдар тарапынан өткізілетін түрлі шараларға алаңдамай, қажетті бастама мен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болу керек. Егер әскери қызметшілердің тарапынан құқық бұзушылық деректері  анықталса, олар заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылуы тиіс. Бірақ командирлерді жұмыстарынан себепсіз ажыратуға жол берілмейді.  Бұл мәселелер құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қарастырылуы керек, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің заманауи әскери инфрақұрылымын және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің логистикалық жүйесін құру  қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында армияны және әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселелері әрдайым мемлекеттің басты назарында болатынын атап өтті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.