Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан: «Егінжай күні» далалық семинар-кеңес өтуде
    Агро

    Түркістан: «Егінжай күні» далалық семинар-кеңес өтуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.10.2020816 Views

    Түркістан қаласында жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2 мың га ұлғайып, 13 мың га дейін жеткізіледі және құны 23,2 млрд. тенгені құрайтын 6 ірі инвестциялық жобаларды іске асыру қолға алынған. Ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жаңа жобалар жайлы «Егінжай күні» атты облыстық семинар-кеңесте кеңінен айтылды. Ашық аспан астында өтіп жатқан жиынға Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшы орынбасары  Т.Оспанов, «Түркістан» ӘКК» АҚ өкілдері, аудан, қала ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, ғылыми институт басшылары, ғалымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысуда.Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 1458 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, 11 мың га алқапта жаңбырлатып суару технологиясын ендіруді көзделген. Бүгінде 892 га жерге 21 бірлік жаңбырлатып суғару машиналары орнатылды. Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі ағын суды 2 есеге үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыратындығы ғылыми дәлелденген. Аталмыш технология Түркістан қаласының аумағындағы 1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы, 10 мың басқа арналған ірі қара малды бордақылау кешенін құру жобасында, 20 мың тонна құс етін өндіретін және 400 га жерге қара өрік отырғызу жобаларында кеңінен жүзеге асуда.Түркістан қаласының азық-түлік белдеуінде тұрақты азық базасын құру үшін бірқатар инновациялық технологиялар енгізілмек. Семинар-кеңесте «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ғалымдары енгізген жем базасын құру үшін жоңышқа және басқа жем-шөп дақылдарын өсірудің, бидай және жүгеріні (дәндік, сүрлемдік) өсірудің инновациялық технологиясы жобалары агроқұрылымдарға жан-жақты таныстырылды. Тәжірибе алмасып, ғылыми институттар мен шаруалар алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаруға қызығушылық танытуда.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.